Алматыда Боралдай зираты отқа оранды

0
395

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарынан құрғақ шөпті өртеуді тоқтатуды сұрайды.


Алматыда Боралдай зираты отқа оранды

ERNUR.KZ. Алматыда Боралдай зираты өртеніп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Ғаламторда Боралдайдағы зираттың өртенгені жайлы видео пайда болды. Онда қызыл жалынның қабірлерге тигені көрінеді.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, сағат 12.30 -да зират маңындағы Индустриалды аймақта 1,5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сөндіруге "Ермак" аспалы өрт сөндіргіш және күрек пен сақпан сынды құралдар қолданылды.

Өрт сағат 14:28 де оқшауланып, 15: 11 -де толықтай сөндірілді.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарынан құрғақ шөпті өртеуді тоқтатуды сұрайды. Өрт сөндірушілер қазір қалада өрт қаупі жоғары екенін атап өтті.