Алматыда Covid-19 расталған медқызметкерлер саны 234-ке жетті

0
539

Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.


Алматыда Covid-19 расталған медқызметкерлер саны 234-ке жетті

ERNUR.KZ. Алматыда Covid-19 расталған медицина қызметкерлерінің саны 234 жетті. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңадан вирус жұқтырғандардың қатарында қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері бар. Олар шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл азаматтардың ішінде ауыр халдегілер жоқ. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық», – дейді Тілеухан Әбілдаев онлайн брифингте.

Сонымен қатар, ол қалада COVID-19 диагнозы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адамды құрағанын жеткізді.