Алматыда дәріханаларға кіруге енді Ashyq қосымшасы талап етілмейді

0
492

Ashyq жобасының қатысушыларынан 26 тамыздан бастап дәріханалар алып тасталынды.


Алматыда дәріханаларға кіруге енді Ashyq қосымшасы талап етілмейді

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігінде не себепті енді дәріханалар Ashyq қосымшасын талап етпей жұмыс істей беретінін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Ashyq жобасының қатысушыларынан 26 тамыздан бастап дәріханалар алып тасталынды. Олар өз жұмыстарын штаттық режимде еш өзгеріссіз жұмыс күндері мен демалыс күндері де жалғастыра бермек.

Әкімдікте бұл өзгеріс егде жастағы азаматтар мен зейнеткерлердің амбулаторлық жағдайда емделуіне қатысты екенін атап өтті.

“Бұл амбулаторлық емдеу және бастан өткерген аурулар мен асқынулардан оңалту жағдайында дәрілік заттарға қол жеткізу қажеттілігінен, егде жастағы тұрғындардың, зейнеткерлердің дәрі-дәрмектерді сатып алу мүмкіндігінен туындады, – деді әкімдікте.