Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр

0
2 141

Сондай-ақ әйгілі спортшымен қоштасу рәсіміне қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді


Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Алматылықтар спорт кешені алаңында Денис Теннің табытына келіп гүл шоқтары мен оның портретін қойып, туыстарына көңіл айтып жатыр.

Шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қала əкімдігінің өкілдері мен өзге де танымал тұлғалар сөз сөйлейді.

Сондай-ақ әйгілі спортшымен қоштасу рәсіміне қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді.