Алматыда екі автобус соқтығысты

0
496

Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.


Алматыда екі автобус соқтығысты

ERNUR.KZ. Алматыда екі автобус соқтығысты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, Алматыда 2 ақпан сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай екі қоғамдық көлік соқтығысты.

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің дерегінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.