Алматыда екі дәрігерді соққыға жыққан

0
696

№7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген.


Алматыда екі дәрігерді соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Полиция өкілдері Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы аурухана дәрігерлерінің соққыға жығылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп жазады Tengrinews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, №7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген.

"Сот отырысы кезінде дәрігерлер алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін осы дерек бойынша шешім шығады", - деді Полиция департаментінде.