Жол апатынан екі жолаушы қаза тапты

0
941

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: Бала мен әйел қаза тапты


Жол апатынан екі жолаушы қаза тапты

фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Алматыда жол апатынан әйел адам мен бала қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылының бойында солтүстік бағытта Шолохов көшесіне жетер тұста болған. Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Touareg көлігі Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта асқан жылдамдықта жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен, осы жерде Audi автомобилімен бетпе-бет соқтығысқан.

Соққыдан Volkswagen дөңгелегі жұлынып кеткен. Апат салдарынан Audi көлігінде отырған жолаушы мен бала қаза тапқан. Тағы бір бала мен Audi жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.