Алматыда екі колледждің студенттері арасында жаппай төбелес болды

0
796

Екі колледждің білім алушылары арасында жанжал туындаған.


Алматыда екі колледждің студенттері арасында жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы жаппай төбелестің жолын кесті, деп жазады ҚазАқпарат.

22 қазанда 102 арнасына Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жастар арасындағы төбелес туралы хабарлама келіп түсті.

Дабылға бірінші болып патрульдік полиция экипаждары ден қойды. Олар төбелесті тоқтатты.

Екі колледждің білім алушылары арасында жанжал туындағаны анықталды.

Оның шығу себебі нақтыланлады. Зардап шеккендер жоқ.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.