Алматыда екі Toyota бетпе-бет қақтығысты (видео)

0
1 016

Жол апатының нәтижесінде Toyota Picnic және Toyota Surf жүргізушілері зардап шекті.


Алматыда екі Toyota бетпе-бет қақтығысты (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда үш Toyota автокөлігі қатысқан жол көлік оқиғасы болды, деп жазады Zakon.kz.

Жол апаты Гагарин даңғылында орын алды. Toyota Picnic автокөлігі оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Алдына ала мәлімет бойынша, оның жүргізушісінің аяқ асты денсаулығы нашарлап, ол жолдың қарсы бағытына шығып кетеді, артынша Toyota Surf жол талғамайтын көлігіне соғылған. Жойқын соққыдан көліктер қатты зақымданады және олардың бірі жүріп келе жатқан Toyota RAV 4 автомобилін іліп өткен.

Жол апатының нәтижесінде Toyota Picnic және Toyota Surf жүргізушілері зардап шегіп, олар ауруханаға жеткізілген. Toyota Picnic жүргізушісін күл-талқаны шыққан көліктің ішінен шығарып алу үшін оқиға орнына құтқарушылар шақыртылды.

ЖКО себеп-салдарын анықтау үшін оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.