Алматыда екі жасар қыз коронавирус жұқтырды - ДСМ

0
1 304

Бір бала және екі ер адам.


Алматыда екі жасар қыз коронавирус жұқтырды - ДСМ

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда коронавирустың үш жаңа дерегі тіркелгені туралы хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Бірінші жағдай - 2018 жылғы қыз бала. 13 наурызда Берлин - Минск - Алматы рейсімен келді. Ол балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Екінші жағдай - 1966 жылғы ер адам. Мәскеуден 10 наурызда келді.

Үшінші жағдай, 1965 жылғы ер адам Мәскеуден келген.

Алматыдағыдәл қазіргі уақытта коронавирустың 11 жағдайы тіркелді. Жалпы, 17 наурызда республика бойынша 13 жағдай тіркелді.