Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

0
502

Госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау — бейнебайланыс арқылы жүргізіледі.


Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында мәлімдеді.

"COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек", - деп жазды ол.
Госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау — бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ "жасыл" және "қызыл" аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.