Алматыда ер адам той үстінде атыс ұйымдастырды (видео)

0
519

​Қоғамдық тәртіпті бұзған 26 жастағы Алматы тұрғыны өзінің ойсыз әрекеті үшін әдеттегідей бейне хабарлама арқылы көпшіліктен кешірім сұрады.


Алматыда ер адам той үстінде атыс ұйымдастырды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысында полиция 26 жастағы жігітті үйлену тойында тапаншадан оқ атқаны үшін ұстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.




Атыс болған сәтті қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Кейін ол әлеуметтік желілерде тарады. Үйлену тойының Талғар өңірінде болғаны анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушы 26 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Кейінірек, оның өзі ойсыз әрекеті үшін әдеттегідей бейне хабарлама арқылы көпшіліктен кешірім сұрады. Өзінің айтуынша, ол сигналдық тапаншадан жарық-дыбысты 4 рет оқ атқан. Оқиға саларынан ешкім жарақат алмады.

Қазіргі кезде аталған фактінің негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 436-бабының 1-бөлігі (атыс қаруынан, газ немесе пневматикалық, лақтырылатын яки электрлік қарудан оқ ату, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша іс қозғалды.

Той үстінде оқ атқан жігіттің тапаншасы тәркіленді және оған 20 айлық есептік көрсеткіш (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Оған қоса, той иелері мен мейрамхана әкімшілігі карантиндік режимді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.