Алматыда эротикалық массажға барғандар жазаланды (видео)

0
1 043

Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді.


Алматыда эротикалық массажға барғандар жазаланды (видео)

ERNUR.KZ. Карантин кезеңінде төрт ер адамның массаж салонына барғандығы әшкереленді, деп жазады Polisia.kz.

“Мекемелердің бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі – Бостандықта. Тексеру кезінде ол жерде жеті әйел “жұмыс істеді”, соның ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды”, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Тәжірибе көрсеткендей, өкінішке орай, бүгінде бүкіл әлемге қауіп төніп тұрғанын барлық азаматтар біле бермейді.

“Мұндай фактілер, өкінішке орай, бір-екеу ғана емес. Олар тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта жедел бөлімшелер құрамынан арнайы мобильді топтар жұмыс істейді”, – деді Алмасбеков.