Алматыда эскалаторды зорламақ болған жігіт іздестіріліп жатыр (видео)

0
712

​Алматыда метро ішінде жолаушылардың мазасын кетіріп, вагон ішінде айғайлап сөйлескен белгісіз жігіт іздестірілуде.


Алматыда эскалаторды зорламақ болған жігіт іздестіріліп жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Ол тіпті эскалаторда бейәдеп қылықтарымен жұрттың сынына қалған болатын, деп жазады Экспресс К.



"Ол қыз, енді, менікі" деп метроны басына көтере, боғауыз сөздерімен айғайлап сөйлескен азаматтың бейнежазбасын қалалық полиция департаменті басшысы Instagram-дағы парақшасында жарялады. Видеода белгісіз жігіттің телефонмен сөйлесіп қана қоймай, ондағы темірге асылып тұрған сәтін де көруге болады.

Бұл азаматтың өнері мұнымен бітпейді. Ол эскалаторда шалқасынан жатып, тағы да бейәдеп әрекеттерімен жұрттың назарына түсті. Тіпті етпетінен жатып, жоғары көтерілген эскалаторды зорламақшы да болды. Ол бейнежазбаны krisp__almaty парақшасы жариялаған.

Желі қолданушылары белгісіз жігіттің бұл әрекетін сынға алып "ақымақ, миы шаршаған-ау, эскалаторды екіқабат қылмақшы ма", деген мағынада жазбаларын қалдырған. Қазір ол іздестіріліп жатыр.

"Қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтың жеке басы анықталуда. Іс Бостандық ауданы ПБ тапсырылды. Мән-жайды алдағы уақытта жариялаймыз", деп жазды қалалық ПД басшыс Рүстем Әбдірахманов.