Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды

0
557

Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда медициналық көмек көрсетуге келген фельдшерді ұрған адам ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жедел жәрдем қызметіне терезені сындырып қолын кесіп алған мас адамға көмек керек деген хабарлама келген.

Оқиға орнына жеткен фельдшер Ақкент шағынауданының 35 жастағы тұрғынының қолын қарап жатқанда ер адам ашуланып оны бетінен ұрған.

Бұзақы ҚР ӘқбК 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауданаралық әкімшілік сот оны 5 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.

Қазір Түрксіб ауданы сотында осыған ұқсас іс қаралып жатыр.

Мұнда да мас адам көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан.

Басынан жарақат алған дәрігер ауруханаға жатқызылды.