Алматыда әйел адамды көлік қағып өлтірді

0
1 108

Жол апаты Момышұлы көшесінде болған.


Алматыда  әйел адамды көлік қағып өлтірді

фото: © "Территория происшествий"

ERNUR.KZ. Алматыда рұқсат етілмеген жерде жолдан өткен әйелді көлік қағып өлтірді, - деп жазады tengrinews.kz СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жол апаты Момышұлы көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 1970 жылғы әйел жолдан жүгіріп өтпек болған кезде оны солтүстік бағытта келе жатқан Lada көлігі қағып кеткен.

Алматы қалалық ІІД мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өткен жаяу жүргіншілерге 40 603 615 теңге көлемінде айыппұл салынған.