Алматыда "ГАЗель" мен Mercedes соқтығысты

0
1 337

Соққы салдарынан "ГАЗель" көлігінің артқы дөңгелектерін ұстап тұратын бөлшегі бөлініп қалған.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда "ГАЗель" мен Mercedes соқтығысу салдарынан екі адам зардап шекті, деп жазады tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылының бойында Мұстафин мен Асқаров көшелерінің қиылысында болған.

Автокөліктер әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes бір жолақтан екіншісіне лезде ауыспақшы болған. Жүргізуші басқаруды игере алмай, "ГАЗель" көлігіне соқтығысқан.

Соққы салдарынан "ГАЗель" көлігінің артқы дөңгелектерін ұстап тұратын бөлшегі бөлініп қалып, көліктің өзі бір жанына аударылған.

Жол апатынан екі адам зардап шекті - Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы. Әр түрлі дене жарақаттарын алған оларды, жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. "ГАЗель" жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.