​Алматыда Hyundai тізгіндеген әйел ағашқа соғылып, қаза тапты (фото, видео)

0
2 711

Hyundai Solaris көлігі Алматы қаласынан келе жатып, апатқа ұшырапты.


​Алматыда Hyundai тізгіндеген әйел ағашқа соғылып, қаза тапты (фото, видео)

ERNUR.KZ. Алматыда жеңіл көлік жолдың шетіндегі ағашқа соғылып, жүргізуші қыз қайтыс болды деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай жоғарғы Қаскелең тас жолында орын алған.

Басылымның жазуынша, Hyundai Solaris көлігі Алматы қаласынан келе жатып, апатқа ұшырапты.

Куәгерлердің сөзінше, жоғары өткелден түсе бергенде жүргізуші қыз көлікке ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып, ағашқа барып соғылған.

Жергілікті тұрғындар апатқа ұшыраған көлік ішінен қызды алып шыққанымен, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Әйелдің артында екі баласы қалыпты.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын тексеруде.