Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді (видео)

0
992

Өрт сөндірушілер 55 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.


Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді (видео)

Алматының орталығында орналасқан «Гауһартас» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, «Гауһартас» тұрғын кешенідегі 15 қабатты үйдің 11 қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.


«Өрт сөндірушілер оқиға орнынан тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Адамдардың іште қалып қалмауы қадағалануда. Көмекке қосымша техника келді», - деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.




Өрт сөндірушілер 55 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, оның ішінде 20 бала бар. Қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіру үшін 70 адам мен 18 техника жұмылдырылды.