​Алматыда ірі жол апаты болды

0
2 281

Қатты соққыдан Camry мен BMW көліктерінің күл-талқаны шықты.


​Алматыда ірі жол апаты болды

ERNUR.KZ. Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесі қиылысында ірі жол апаты болды, деп жазады sputniknews.kz.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, BMW көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатады. Неге екені белгісіз жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қарсы бетке шығып, Toyota Windom көлігіне соғылады.

Қатты соққыдан BMW арт жағымен Toyota Camry 30 көлігіне соғылған.

Camry қарсы бетке шығып кетіп, ал BMW жол үстінде шыр көбелек айналады.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы зардап шекті, бассүйек-ми жарақатын алған адам ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, ол көліктің ішінде орнынан ұшып кетіп, алдыңғы терезеге соғылған.

Қатты соққыдан Camry мен BMW көліктерінің күл-талқаны шықты.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.