Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды

0
881

Шаһар басшысы егер ЖОО-лар қала сыртында өз университеттік кампустарын салса, жақсы болатынын атап өтті.


Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды

ERNUR.KZ. Kazakhstan Urban Conference 2019 отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы 2050» стратегиясына қатысты тұрғындардың ұсыныстарын таныстырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, қала тұрғыны Әлішер Сағидоллаев ірі ЖОО ғимараттарын қала сыртына шығаруға ұсыныс білдірген. Шаһар басшысы бұл ұсыныс мұқият талқылауды қажет ететіндігін, егер ЖОО-лар қала сыртында өз университеттік кампустарын салса, жақсы болатынын атап өтті.

«Кейбір университеттер қала сыртында өз қалашығын құрап, кампус жасаса болады. Алатау инновациялық технологиялар паркі маңына орналасу туралы біраз университет басшылығы ұсыныс білдірген де болатын. Алайда, бұл сұрақ мұқият талқылауды қажет етеді. Себебі, ол жақта орналасу үшін алдымен, ыңғайлы көлік инфрақұрылымын шешіп алу керек. Мүмкін, метроны тарту керек, әлде қаламен байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жолдарды іздеу қажет», - деді әкім.