Алматыда із-түссіз жоғалған аутист бала табылды

0
761

Баланы полиция туыс-туғандарына апарды.


Алматыда із-түссіз жоғалған аутист бала табылды

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен аутист баланы тауып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Баланың жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін оны іздестірумен арнайы құрылған бірнеше топ айналысты.

«Түнгі сағат бірлер шамасында баланы М.Әуезов ауданынан жол-патрульдік полициясы экипажы тауып алды. Қуаныштысы, жағдайы жақсы, бала адасып кеткен. Одан кейін біздің Алмалы ауданы полиция басқармасы бөлімшесінің қызметкерлері Тимурды туыс-туғандарына апарды», - деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полициясының басшысы Лейла Әліпбаева.