Алматыда қаланың ішінде жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат берілді

0
880

Велосипедпен де жүруге рұқсат етілді.


Алматыда қаланың ішінде жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Алматыда жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматылықтар санитарлық нормаларды сақтап, қала ішінде жүре алады», - деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, велосипедпен де жүруге рұқсат етілді.

Өз кезегінде, полиция тұрғындарды 3 адамнан көп жиналмауға шақырды.

Еске салайық, бүгін карантиндік режимнің жеңілдеуіне және көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл (фильтрация) посттарын алып тастады.