Алматыда қалың қар салдарынан 70 жол-көлік оқиғасы болған

0
2 415

Жол апаттарынан 6 адам зардап шеккен.


Алматыда қалың қар салдарынан 70 жол-көлік оқиғасы болған

ERNUR.KZ. Алматыда қалың қар салдарынан түнгі сағат үштен бері 70 жол апаты болған, деп жазады тengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, жол апаттарынан 6 адам зардап шеккен.

Осыған байланысты ведомство өкілдері жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

"Жауын-шашынның көп болуы қаладағы қозғалысты қиындататыны түсінікті - кептеліс болды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбіне бұған кей жүргізушінің нашар тәртібі себеп: кей жүргізуші жылдамдықты төмендетпей, апат жағдайына себеп болады, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметсіздік танытады, оған қоса, жүргізушілер рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өтеді", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.