Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр

0
606

Митинг Құран оқудан басталды.


Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Сағат 12-лер шамасында Алматыдағы Республика алаңында бірқатар азаматтық белсенді ұйымдастырған митингі басталды, деп жазады sputnik.kz

Ол қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған.

Сондай-ақ жиналғандар тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуды талап етіп отыр.

Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн

Митингке қатысушылардың арасында Жанболат Мамай, Болат Әбілов және басқа да бірқатар қоғам қайраткері болды.
Шараға жүзге жуық адам жиналды
"Митингіге қатысушылар қаза болғандардың, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша тергеліп жатқан адамдардың суреттерін ұстаған. Олардың "Бостандық" деген даусы естіледі", - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласындағы Республика алаңынан.
Оның айтуынша, шараға жүзге жуық адам қатысуда. Полиция қоршауға алмаған. Қала билігі митингтің өтетін орны мен уақыты туралы хабардар болған-болмағанын қатысушылар түсіндіре алмайды.