Алматыда қаралы қауым Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

0
950

Актриса 8 жыл қызмет еткен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрынан шығарылып, Кеңсай зиратына жерленді.


Алматыда қаралы қауым Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

ERNUR.KZ. Халық жадында Майқанова апайдың рөлін сомдаған актриса ретінде сақталып, ғұмырын кино және театр саласынар арнаған біртуар тұлға 80 жасында дүниеден озды. Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салуға өнер және мәдениет майталмандары келді. Барлығы Раиса Мәжитқызының халық алдында жоғары бағаға ие болғанын, оның адами қасиеттері мен көз тоймас сұлулығын сөз етті, деп жазады zakon.kz.

"Шынында да ең алғаш рет Раяны көргенде жігіттер тұрмақ, өзім ғашық болғанмын. Ол рас. Қыз- келіншектердің барлығы Раяға қарап көзін ала алмайтын. Оның мөлдіреген бота көзі, әсіресе өңі қандай еді?!. Ол бекзат тұлғалы еді", – деді ҚР Халық әртісі Роза ӘШІРБЕКОВА.

Қаралы жиында Президент, премьер-министр мен Алматы қаласы әкімінің көңіл айту жедел хаттары оқылды. Актриса 8 жыл қызмет еткен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрынан шығарылып, Кеңсай зиратына жерленді.