Алматыда карантин: Қаладан шығаберісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

0
750

WhatsApp-та кептеліс түсірілген видео тарап жатыр.


Алматыда карантин: Қаладан шығаберісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

ERNUR.KZ. Алматыдан шығаберісте Алтын Орда базарының маңында кептеліс пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

WhatsApp-та Райымбек даңғылындағы кептеліс түсірілген видео тарап жатыр. Видеодан кептелістің Ақкент ықшамауданына дейін жеткені көрінеді. Кейбіреулер кептелісті Алтын Орда маңындағы жолайрықтың құрылысымен байланыстырып отыр.

Айта кетейік, 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматыда карантин жарияланады. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Кеше премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.