Алматыда карантин шаралары Нұр-Сұлтанға қарағанда неге қатаң - Бекшин түсіндірді

0
1 955

Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.


Алматыда карантин шаралары Нұр-Сұлтанға қарағанда неге қатаң - Бекшин түсіндірді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мегаполистегі шектеу шаралары неліктен Нұр-Сұлтанға қарағанда қатаң екенін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру 3 наурыздан бастап өсті. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында 20 наурыздан бастап жағдай күрделене бастады. Сонымен қатар, елде мутацияланған штамдар пайда болды. Біз мұны өткен аптада анықтап, зертханалық зерттеулермен растадық. Осы мутацияланған штамдар аурудың тез таралуына әкеп соқты. Осыны ескере отырып, біз қатаң шараларды енгіздік», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.


Айта кетейік, Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.

Қаулыға сәйкес, ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтар ашуға рұқсат берілгені белгілі болды.