Алматыда карантин туралы сериал түсірілді

0
833

Сериал өте қысқа уақытта түсірілген. 3 күн ішінде алғашқы бөлімнің сценарийі жазылып, түсіріліп, монтаждалып үлгерген.


Алматыда карантин туралы сериал түсірілді

ERNUR.KZ. Salem Social Media командасы Qarapaiym Qarantin деп аталатын веб-сериалды жариялай бастады, деп жазады bairaq.kz.

Сериалды түсірушілер туынды арқылы елдегі азаматтардың басына түскен қиындықтарды көрсетуге талпынған және барлығын жеңіл әзіл арқылы бейнелеген.

«Бұл сериал қандай жағдайда да адам болып қалу қажеттігін насихаттайды. Әлемде, барлық елдерде азаматтар өз-өзіне карантин жариялап жатыр. Біз де төтенше жағдай кезінде бір-бірімізді қолдауымыз керек. Команда туынды арқылы ғаламда жақындар, туыстар, достар, махаббат сияқты құндылықтар бар екенін еске салады. Ал сериалдың бас кейіпкері махаббаты үшін күреседі», - деді Salem Social Media бас директоры Александр Аксютиц.

Айта кету керек, сериал өте қысқа уақытта түсіріліпті. 3 күн ішінде алғашқы бөлімнің сценарийі жазылып, түсіріліп, монтаждалып үлгерген.