Алматыда қару ұстап жүргендер ұсталды

0
585

Жеке тінту кезінде 30 жастағы жүргізушінің қолынан 9 патрон салынған «Grand Power Т10» маркалы тапанша табылды.


Алматыда қару ұстап жүргендер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда полиция арнайы операция кезінде қару ұстап жүрген адамдарды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Арнайы операцияны криминиалды полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді.

«Кешкі 20:00 шамасында Шевченко көшесінде «Мерседес» көлігі тоқтатылған болатын. Жеке тінту кезінде 30 жастағы жүргізушінің қолынан 9 патрон салынған «Grand Power Т10» маркалы тапанша табылды. 28 жастағы жолаушы бір заттарды далаға лақтырып жібермек болды. Сараптама қорытындысына сенсек, ол «Макаров» тапаншасы болып шықты. Бұл дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы бойынша бірыңғай тергеу ісі ресстріне тіркелді. Бұл істі Медеу аудандық криминалды полиция басқармасы қарап жатыр. Ұсталған тұлғалар уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді Алматы қалалық ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.