Алматыда қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған

0
593

Мұндай суық 54 жыл бұрын болған екен.


Алматыда қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған

ERNUR.KZ. Алматыда қатты аяз салдарынан 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Басым бөлігі көктайғақтан құлап жарақат алғандар, бір адам көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

Биылғы қытымыр қыс алматылықтар үшін күтпеген жайт болды. Бірнеше күн қатарынан қалың қар жауып, біраз әбігерге түстік десек те болады. Қатты аяз күндері түрлі жарақаттармен 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Оның ішінде 11 науқасты үсік шалған.

Сондай-ақ қолайсыз ауа райының салдарынан бір тәулікте 160-қа жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 30-ға жуық жолаушы түрлі жарақаттар алған.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталаған. Мұндай суық 54 жыл бұрын болған екен, қаңтардағы аяздың ызғары қатты болды. Қазір күн райы -10 градусты көрсетіп тұр.