Алматыда «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директоры сотталды

0
598

Компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған қаржыны Алматыдағы букмекерлік кеңселерге ұтқызған.


Алматыда «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директоры сотталды

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған қаржылық құжаттарды жасап, өзіне заңсыз аванс тағайындап келген «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады zakon.kz.

Айыпталушы 2018-2021 жылдар аралығында 5 компанияның есеп айырысу шотына жіберу арқылы ақша жымқырған, сонымен қатар өзіне 467 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған.ҚМА баспасөз қызметі

Агенттіктің мәлімдеуінше, компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған қаржыны Алматыдағы букмекерлік кеңселерге ұтқызған.

Оны 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілігі бар басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.