Алматыда келіншек 2 баласымен өз үйінде өлі күйінде табылды

0
837

Ана мен балалардың өлімі жайлы суық хабар әлеуметтік желіде тарады.


Алматыда келіншек 2 баласымен өз үйінде өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Мамыр ықшам ауданында қайғылы жағдай. Келіншек 2 баласымен өз пәтерінде өлі күйінде табылды, деп жазады Экспресс К.

Ана мен балалардың өлімі жайлы суық хабар әлеуметтік желіде тарады. Онда жұмыс сапарынан оралған күйеуі пәтерге кіргенде қайғылы жағдайға куә болғаны жазылады.

"Балаларымен секірген әйел енді ұмытыла бастағанда енді мына жағдай. Өте ауыр. Суицид істеген. Екі баласымен өлі күйінде табылды",- деп жазылған бейнежазбада.

Сонымен қатар, пікірлер арасынан көз жұмған балалардың 3 және 8 жас аралығында болғаны да айтылады.

"34 жастағы әйел және 2015, 2020 жылғы балалардың өлі денесі табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы құрылып, қайғылы жайттың себебін анықтау жұмыстары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.