Алматыда көлік ұрлаған екеу жол апатына ұшырады

0
1 098

Көлікті ұрлаған екеу аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді


Алматыда көлік ұрлаған екеу жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Алматыда екі жігіт көлік ұрлап әкетіп, жол-көлік оқиғасын жасады, деп жазады tengrinews.

Оқиға Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Opel көлігі Төле бимен шығысқа қарай беттеген. Белгісіз себептермен жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, бар жылдамдығымен шам бағанасын соққан. Салдарынан екі адам зардап шекті, олар жүргізуші мен жолаушы. Екеуі де аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Сөйтсек, екеуі бұл көлікті Қожамқұлов көшесінен ұрлап әкеткен екен.