Алматыда көлік жуатын жігіт біреудің көлігін мініп кетіп, Шымкентке қызға барған

0
988

Бөтеннің көлігін иеленген алматылық Шымкентте ұсталды.


Алматыда көлік жуатын жігіт біреудің көлігін мініп кетіп, Шымкентке қызға барған

ERNUR.KZ. Алматы полициясы түнгі клубтың көлік жуу орнынан ұрланған екі Toyota көлігін тапты, деп жазады Zakon.kz.

16 қараша күні автокөліктің ұрланғаны туралы алғашқы хабарлама 102-ге келіп түсті. 62 жастағы алматылық әйел көлігінің көлік жуу орнынан ұрлағанын айтқан.

"Анықтай келе, әйел адамның көлігін құрғақ тазалау үшін көлік жуу орнына кешке қалдырып кеткені белгілі болды. Ол белгіленген уақытта, яғни келесі күні сағат екіде көлік жуу орнына келгенде, темір тұлпарының жоқ екенін анықтап, дереу полицияға хабарлаған. Көлікті мініп кеткен адамның жеке бас мәліметі дереу анықталды. Ол осы кешенде жұмыс істейтін 1991 жылғы Талғар қаласының тұрғыны. Бұған дейін ер адам қарақшылық және бұзақылық үшін сотталған болатын. Бірнеше сағаттың ішінде күдікті Шымкенттен табылды, ол бөтеннің көлігін мініп, қызбен кездесуге барған. Ол дереу ұсталып, қамауға алынды. Көлік иесіне қайтарылды", - дейді Алматы қалалық ПД Қылымыстық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

34 жастағы ер адам да полицияға өзінің шетелдік көлігінің ұрланғандығы туралы арызданды. Көлік Алмалы ауданында орналасқан түнгі клубтың маңында таңғы үштер шамасында ұрланған деп мәлімдеді. Жәбірленуші шығын көлемін 8 миллион теңгеге бағалады.

"Бұл факт дереу ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша ұрлықшының жеке басы анықталып, оның қай жерде екені белгілі болды. Ол 1994 жылы туған Алматы облысының тұрғыны, болып шықты. Көлік ұрлаған адам Жамбыл облысының Қордай ауданына барған. Бөтеннің мүлкін ары қарай пайдалануына оның мүмкіндігі болмады. Өйткені ол ұсталып, қамауға алынды. Қазір ол Алматыға ауыстырылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Полиция ұрланған көлік иесіне қайтарылғанын айтты. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.