​Алматыда көлік жылдамдығына қатысты жаңа ереже енгізілмек

0
1 252

Бейне бақылаудан өткесін келесі камераға жеткенше жылдамдықты үдететіндермен күрес күшейтілмек.


​Алматыда көлік жылдамдығына қатысты жаңа ереже енгізілмек

сурет:mzgazeta.ru

ERNUR.KZ. Осылайша сағатына 60 немесе 80 шақырымнан асыруға тыйым салынған бейне бақылаудан өткесін келесі камераға жеткенше жылдамдықты үдететіндермен күрес күшейтілмек. Полицейлер бұл бастама көшедегі жол-көлік апатын азайтуға септігін тигізеді деп отыр, деп жазады ktk.kz.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Мысалы, Абай даңғылының бойымен Желтоқсаннан Достыққа жету уақыты 5 минут дейік. Егер 5 минут емес, 3 минуттың ішінде жететін болсаңыз онда жылдамдықты асыра сілтедіңіз деген ұйғарым шығарылады. Мұны автоматты түрде компьютер санап шығарады. Яғни, адами фактор толығымен жойылған.

Полицейлердің сөзінше, орташа жылдамдық екі бақылау камерасының ара қашықтығы және ережеге сәйкес оған кететін максималды уақыт арқылы анықталады. Бірақ, жаңа құрылғы сатып алмадық, тек бұрынғы камераларға қосымша тәртіп енгіздік дейді сақшылар. Қазір қала бойынша бұл жүйені 110 бекетке орнатып үлгеріпті. Жақын арада оны 142-ге көбейту көзделген. Ал, желтоқсан айынан күшіне енетін ереже бойынша бейне бақылау орнатылған екі бекет аралығында жылдамдықты асырғандарға айыппұл салынады.