Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

0
361

Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.


Алматыда көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды деп хабарлады, деп жазады baq.kz.

Мәлімет бойынша, 30 қаңтарда Алматы – Өскемен тасжолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.

"Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.