Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 23 адам эвакуацияланды

0
748

Бірінші қабаттан басталған қою түтін бесінші қабатқа дейін тұмшалап алған.


Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 23 адам эвакуацияланды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Алматының Алмалы ауданында болған өрттен 6 адам құтқарылды, 20-дан астам адам эвакуацияланған, - деп жазады ҚазАқпарат.

26 қазаннан 27-сіне қараған түні алматылық төтенше жағдайлар департаментіне Шагабутдинов көшесіндегі үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Тез арада оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер жанып жатқанын көрген. Бірінші қабаттан басталған қою түтін бесінші қабатқа дейін тұмшалап алыпты.

«Өрт сөндірушілер жылдам пәтерге кіріп, 1949 жылы туған үй иесін тауып алды. Ол өз бетінше сыртқа шыға алмай қалған. Құтқарушылар оған құтқарушы киімін кигізіп, тез арада таза ауаға алып шықты. Сол үйде тұратын, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын тағы 5 қария құтқарылды. 23 адам эвакуацияланды. Оның бесеуі – бала», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Алмалы ауданы полиция қызметкерлері үй тұрғындары арасында дүрбелең болмас үшін қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етті. Оқиға орнында барлығы 17 адам, 6 техника жұмылдырылған.

Кейін белгілі болғандай, пәтердегі заттар жанған. Жалын 10 минутта сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.