Алматыда көпқабатты үйдің лифті өздігінен жоғары көтеріліп кеткен

0
420

Лифт ішінде бір адам болған.


Алматыда көпқабатты үйдің лифті өздігінен жоғары көтеріліп кеткен

ERNUR.KZ. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды. Лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Лифтте бір адам болған.

"Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа соғылды. Отбасымызбен осы тұрғын үй кешенінде 4-қабаттан лифтпен түстік. 1-қабатқа түскенде менен басқасының бәрі шықты. Есіктер жабылмастан, лифт жылдам жоғары көтеріле бастады. Жоғарыда біреу шақырып, есікті жаппады ма деп ойладым. Ол 7-қабатқа көтеріліп, одан әрі 25-қабатқа дейін жылдамдығы арта түсті", - делінген видео сипаттамасында.


Кадрларға қарағанда, ер адам қолын жарақаттап алған, лифт ішінде де қан көрінеді.

Алматы әкімдігі оқиға туралы ақпаратты растады. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін Тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары шыққаны айтылды.