Алматыда коронавирустан 57 жастағы науқас қайтыс болды

0
1 064

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 10-ға жетті.


Алматыда коронавирустан 57 жастағы науқас қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында коронавирус індетінен екінші науқас көз жұмды. Ол 1963 жылы туған ер адам, деп жазады ҚазАқпарат.

29 наурызда жедел медициналық жәрдем бригадасы азаматты «екі жақты полисегментарлы өкпе қабынуы» диагнозымен стационарға жеткізіп, коронавирус инфекциясына анализ алған. 1 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жедел тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және жіті бауыр жетіспеушілігі салдарынан науқастың жағдайы күрт нашарлай түскен. Емделушінің анамнезінде екінші сатыдағы қант диабеті де болған.

«Бүгін 10 сәуірде сағат 18:00-де полиоргандық жетіспеушіліктің ұлғаюынан жүрек қызметі тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз аяқталды. Сағат 18:30 - да биологиялық өлім тіркелді», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Бұған дейін, Тілеухан Әбілдаев қайтыс болған бірінші науқас туралы айтқан болатын.

Қазір Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 123 фактісі тіркелген. 28 адам жазылып, үйлеріне шығарылды.