Алматыда қос автокөлік отқа оранды

0
1 123

"Сузуки витара" мен "Мерседес бенц"автокөліктерінің өртенгені анықталды


 Алматыда қос автокөлік отқа оранды

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. Алматыда "Сузуки витара" және "Мерседес бенц" автокөліктері өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

«14 қыркүйек күні сағат 12.49-да ТЖД "101" пультіне автокөліктердің өртенгені туралы хабар түсті. Өрт Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла ықшамауданы, Қыдырбеков көшесіндегі «Самай» жеке мектебінің жанында болған. Алғашқы өрт сөндіру техникасы оқиға орнына сағат 13.01 жетті. "Сузуки витара" мен "Мерседес бенц"автокөліктерінің өртенгені анықталды»,-деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова .

Өрт сағат 13.05-те ауыздықталып, 13.09-де толықтай өшірілді. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.