Алматыда КВИ науқастармен 12 мыңнан аса адам тығыз байланыста болған

0
567

Оның көбісі - медицна қызметкерлері.


Алматыда КВИ науқастармен 12 мыңнан аса адам тығыз байланыста болған

ERNUR.KZ. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

"Науқастармен байланыста болғанғ ауру жұқтырып алуы мүмкін 12 420 адам анықталды, оның ішінде 2 247 тығыз байланыста және 10 000-нан астамы ықтимал байланыстағы адамдар. Науқаспен байланыста болған 1388 адам 14 күнге карантинге ауруханаларға оқшауланды, шамамен 7500-і үйдегі карантинде", - деді Жандарбек Бекшин.

Науқастардың жас шамасы:

14 жасқа дейінгілер - 21,

15-19 жас арасындағылар - 43,

20-29 жастағылар - 212,

30-39 жас арасындағылар - 129,

40-49 жастағылар - 116,

50-59 жас шамасындағылар - 115,

60 және одан жоғары - 42 науқас.

Сырқаттанушылардың контингенті:
1. Студенттер - 40,
2. Оқушылар - 15,
3. Басқа елдерден келгендер - 38,
4. ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары - 67,
5. Авиация қызметкерлері - 2,
6. Зейнеткерлер - 40,
7. Жұмыс істемейтін адамдар - 55,
8. Қызметкерлер - 42,
9. Медицина қызметкерлері - 383.