Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан ұрылар тобы ұсталды

0
616

Күдіктілердің бірі бұрын да сотты болған.


Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан ұрылар тобы ұсталды
ERNUR.KZ. Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников Алматы қаласында қымбат көліктердің айнасын ұрлауды әдетке айналдырған ұрылар тобы қолға түскенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.


«Полиция қызметкерлері арнайы жасақтың сарбаздарымен бірге 1988 және 1999 жылы туған үш ер адамды ұстады. Олар - Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары. Ұсталған азаматтар бірнеше қымбат көліктің айнасын ұрлады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде ұсталған адамдардың осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Алмалы ауданында 4 жағдай, тағы бір жағдай Медеу ауданында тіркелген. Айыпталушылар қаланың барлық жерінде ұрлық жасаған болуы мүмкін. Анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Владимир Решетников.



Спикер сондай-ақ, ұрланған автокөлік айналарын сату жолын анықтау бойынша жедел шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Айта кететін бір жайт, күдіктілердің бірі бұрын (біреудің мүлкін ұрлау) сотты болған. Бұл топтың қанша уақыттан бері әрекет еткені ары қарай зерттеледі.