Алматыда мас күйдегі оқушы қыз метрода құлады (видео)

0
991

Метро қызметкерлері оны полицияға тапсырды.


Алматыда мас күйдегі оқушы қыз метрода құлады (видео)

ERNUR.KZ. Желіде метро ішінен бір адамды көтеріп алып шығып, жедел жәрдем көлігі алып кеткен сәттің видеосы пайда болды, деп жазады Zakon.kz.

Оқиға "Жібек жолы" бекетінде 15 тамыз күні орын алған.

14 жастағы қыз бала қатты мас күйде, не істеп, не қойғанын білмейтіндей күйде болған. Метро қызметкерлері оны полицияның қолына тапсырды. Оқиға орнына қыздың анасы шақырылып, олар жедел жәрдеммен бірге токсикология бөліміне кетті.