Алматыда науқасы көз жұмған пластикалық хирург жазадан құтылып кетті

0
957

Кейінірек анықталғандай, жас әйелдің липосакция жасатуға денсаулығы келмейтін болып шыққан.


Алматыда науқасы көз жұмған пластикалық хирург жазадан құтылып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда операциядан кейін науқастың көз жұмғаны үшін айыпталған пластикалық хирург Дмитрий Писаревтың соты болды, деп жазады sputniknews.

Қайғылы оқиға 2016 жылы қыста болған. Дмитрий Писарев липосакция жасағаннан кейін 33 жастағы Дана Ағамұрадова көз жұмған. Дәрігер өзін ақтау үшін операцияның сәтті өткенін, науқастың жағдайы отадан кейін күрт төмендегенін айтты – ол кезде емханада реаниматолог болмапты.

Кейінірек анықталғандай, жас әйелдің липосакция жасатуға денсаулығы келмейтін болып шыққан.

Марқұмның әпкесі Писаревтен 50 миллион теңге өтемақы талап етті, алайда сот арыз берушінің талабын 3 миллион теңгеге ғана қанағаттандырған.

Бұдан бөлек, жас хирург дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды, өйткені маманның куәлігінің мерзімі өтіп кетіпті.

Осы құжаттың мерзімі өтіп кеткендіктен Писарев қатаң жазадан құтылып кетті.

Еске сала кетейік қазан айында кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмған болатын.