Алматыда Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды

0
1 691

Халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ.


Алматыда Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды

ERNUR.KZ. Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз", - деді Жас Отан жастар қанатыың өкілі Мәди Ахметов.

"Рақмет! Жастардан осындай ұсыныстың түскені қуантады. Бірақ мен өзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштің не керегі бар?", - деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой. Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ. Сіздерге рақмет. Бақытты болыңдар", - деді Елбасы.