Алматыда өгей әкесі аяусыз сабап тастаған 2 жасар бала көз жұмды

0
789

Бүлдіршіннің өлімін қалалық полиция департаменті қызметкерлері де растады.


Алматыда өгей әкесі аяусыз сабап тастаған 2 жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда өгей әкесі аяусыз ұрып-соққан 2 жасар бала ауруханада көз жұмды. Ол ұзақ уақыт комада жатқан еді, деп жазады Stan.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, соққы салдарынан ауыр жарақат алған бүлдіршін бүгін таңертең сағат 8-дің шамасында көз жұмды.

Бүлдіршіннің өлімін қалалық полиция департаменті қызметкерлері де растады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілу үшін полиция департаментінің тергеу басқармасына жіберілді», - дейді полиция департаментіндегілер.

Оқиғадан кейін күдікті тұтқындалып, өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өгей әкесінің 2 жасар баланы сабап тастағанын хабарлаған едік.