Алматыда өртенген бизнес-орталыққа қатысты тың мәлімет жарияланды

0
1 883

Қабылданған шаралар өрттің жоғарғы қабат пен оның жанындағы бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.


 Алматыда өртенген бизнес-орталыққа қатысты тың мәлімет жарияланды

ERNUR.KZ. 28 желтоқсанда Алматыда бизнес-орталықтың үшінші қабатынан өрт шықты, деп жазады zakon.kz.

28 желтоқсанда сағат 12: 27-де Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 286/4 үй мекен-жайына түскен қоңырау бойынша өрт сөндірушілер 6 минутта келіп жеттті. Олар жеткенде төрт қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңсе жанып жатқан. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің звеносы өрт болған аумақта адамдар бар-жоғын білу үшін тексеру жүргізді, өрт ішінен адамдар табылған жоқ. Өрт сөндірушілер 15 минуттың ішінде (12: 48-де) 30 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді, деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Қабылданған шаралар өрттің жоғарғы қабат пен оның жанындағы бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілердің айтуы бойынша, олар жеткенде адам айқайы болмаған. Жиһаздар мен құжаттар өртеніп жатқан.