Алматыда қоқыс жинайтын көлік ауладағы автоларды "мыжып" тастады

0
2 903

Алдымен ауыр машина Toyota Corolla-ға соғысқан, ол барып Toyota RAV 4 ке ұрылып, аударылып түсіпті. Бұл уақытта КамАЗ сол қапталымен гараждарды қиратып барып, өзі де бір жамбастап, Kia Cerato мен Toyota Avensis-ті жастанып ​"жатып" қалған.


Алматыда қоқыс жинайтын көлік ауладағы автоларды

Оқиға Алматының Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйдің ауласында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қоқыс таситын КамАЗ жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, аулаға қоқысты алып кетуі үшін кірмек болған. Оған сол жерде тұрған жеңіл көлік кедергі келтірген. Көлігін тежеп, ауладан жеңіл автоның иесін іздеуге кеткенде қоқыс тасығыш өздігінен жүріп кеткен. Алдымен ауыр машина Toyota Corolla-ға соғысқан, ол барып Toyota RAV 4 ке ұрылып, аударылып түсіпті. Бұл уақытта КамАЗ сол қапталымен гараждарды қиратып барып, өзі де бір жамбастап, Kia Cerato мен Toyota Avensis-ті жастанып "жатып" қалған. Оқиғадан көлік иелерінің жүйкесі болмаса тәніне зақым келген жоқ.