Алматыда полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған

0
582

Жол апатының видеосы Желіде тарады.


Алматыда полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған

ERNUR.KZ. Алматыда полиция қызметкері эвакуатормен тұраққа қойылған автокөліктерге соқтығысты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол апатының видеосы Желіде тарады. Онда эвакуатордың бірнеше көлікті қиратқаны көрінеді.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның 23 қарашада Алмалы ауданында болғанын айтады.

"КамАЗ маркалы эвакуатор Назарбаев даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне қарай шығыс бағытта келе жатқан кезде қираған тірек салдарынан басқа көліктерге барып соғылған. Салдарынан жол бойында тұрған көліктер бүлінген", - деді полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция департаменті жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

"Іс жүргізу нәтижелері бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Эвакуатор жүргізушісі - полиция қызметкері жауапқа тартылды", - деді полициядағылар.